Владислав Челах түрмеде Арқанкерген ақиқаты туралы кітап жазбақшы

Информбюро 31

  • Release Date:
  • Viewer: 305,021
  • Like Video: 583
  • Dislike Video: 141
  • Video Length: 2minutes : 9second

Download 1

Music Video

  Play Audio :


Description

Владислав Челах түрмеде Арқанкерген ақиқаты туралы кітап жазбақшы. Өмір бақи түрмеде отыру жазасына кесілген ол бұл туралы өзінің анасы Светлана Ващенкоға айтыпты. Айта кету керек, анасы ұлымен осыдан бірнеше күн бұрын кездесіп, Қарағандыдағы үйіне бүгін ғана оралды. 15 адамды өлтірді деген айыппен түрмеде отырған Челахтың анасымен қарағандылық тілшіміз Диана Сапарқызы жаңа ғана сұхбаттасып келген еді. Атышулы «Арқанкерген» оқиғасы кітап беттеріне түспегі бар. Қорғаушысы Владислав Челахқа шекарада болған оқиғаны бастан аяқ кітап беттеріне түсіруге кеңес беріпті. Бұрынғы шекарашы бұл ойын анасымен болған екі сағаттық кездесуінде де айтыпты. Кітап мазмұны қарапайым шекарашының "Арқанкерген" оқиғасы туралы өз ойы дегенге келеді. СВЕТЛАНА ВАЩЕНКО, Владислав Челахтың анасы: Возможно и возьмется но как он сказал говорит один он не хочет браться что в каком смысле один не знаю. Что он имел ввиду. Факт в том что в будущем возможно. А так сначала хочет дождаться все ответы. Осыдан екі жыл бұрын Арқанкерген бекетінде 15 шекарашыны өлтірді деген айыппен қарағандылық сарбаз Челах өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Сол кезде қоғам пікірі екіге жарылған. Біреулер оны жалғыз сарбаз жасауы мүмкін емес десе, көпшілік Челахтың кек алу мақсатында қанды қырғынды жасағанына сенген. Сот үкімі де бұны растады. Ал, "үмітсіз шайтан" деген Владиславтың анасы Біріккен ұлттар ұйымынан әділдік күтеді. СВЕТЛАНА ВАЩЕНКО, Владислав Челахтың анасы: В принципе он ждет когда Серик Амбарович уже подаст в ООН. Все документы. Он спрашивал Серик Амбарович как там готовит. Да говорю. Пишет жалобу в ООН все. Потому что он уже не надеется что здесь В Казахстане что то можно добиться. Бірақ, Челахтың бұл кітапты жазу-жазбауы әлі екіталай. Жазған күннің өзінде, оның түрмеден, одан соң басылып шығуына сене қою қиын. ДИАНА САПАРҚЫЗЫ: Владислав Челахтың қорғаушысы жоғарға сотқа істі қайта қарауға өтініш берген болатын. Ал Челахтың кітап шығару идеясы сот шешіміне байланысты болып отыр. ДИАНА САПАҚЫЗЫ, ҒАБИДЕН ҚҰРЫШБЕКОВ.

keyboard_arrow_up